Берік Уәли Қырғызстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Уәли Қырғызстандағы жағдайға байланысты пікір білдірді

06.10.2020

Қырғызстандағы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли пікір білдірді. Ол өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды:  

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды».

Амангелді Сейітхан 



Қырғызстан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәли

Хабарламаларға жазылу