Жоғарғы кеңестің сайлау қорытындысы жойылды - Қырғыз прокуратурасы

06.10.2020
Жоғарғы кеңестің сайлау қорытындысы жойылды - Қырғыз прокуратурасы

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов мәлім еткен.  

«Оппозицияның басты талабы – парламент сайлауының қорытындысын жою, біз оны орындадық. Жаңа сайлаудың уақыты туралы әлі айта алмаймыз», - деп хабарлады оның сөзін  24.kg. 

Дерерккөзіне сүйенсек, сайлауда заңсыз дауыс жинаған бірқатар депутаттар қамауға алынды.  

Бесінші қазан түс ауа басталған халық қарсылығы алтыншы қазанға қараған түні Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте ірі қақтығысқа айналды. Тұрғындар парламент сайлауына қарсы шыққан болатын. Алаңға келгендер президент резиденциясы «Ақ үйді» басып алды.

Олар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты түрмеден босатып, алаңға ертіп шыққан. Айта кетейік, Атамбаев 2020 жылдың маусымында 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.  


Қырғыз Республикасы Сайлау қақтығыс

Хабарламаларға жазылу