«Arabtec» банкротқа ұшырады. «Абу-Даби Плазаның» құрылысы не болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Arabtec» банкротқа ұшырады. «Абу-Даби Плазаның» құрылысы не болады?

05.10.2020

«Arabtec» компаниясының банкротқа ұшырауы «Абу-Даби Плазаның» құрылысына әсер етпейді. «Kazakh invest» ұлттық компаниясының өкілдері осылай деп хабарлады. Еске салайық, 30 қыркүйекте «Arabtec» холдингі жабылатынын жеткізді. «Arabian Business»-тің хабарлауынша, компания жарты жылда 216 млн доллар шығынға батқан. Құрылыс компаниясының еншілес ұйымы елордадағы құны 1,6 млрд долларды құрайтын «Абу-Даби Плаза» ғимаратын салып жатқан. Құрылысы осыдан 10 жыл бұрын басталған ғимарат 2016 жылы толық бітуі тиіс еді. 

Николай Путилин, «Kazakh Invest»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы: 
-Бұл үлкен жобаның құрылысына еш әсер етпейді. Инвесторлардың айтуынша, жобаның құрылысы осы жылдың аяғына дейін сәтті аяқталады және іске қосылады. 

Ақерке Бектас

Arabtec Абу-Даби Плаза банкрот Kazakh invest Arabian Business

Хабарламаларға жазылу