Сарыағаштық Еркінай Есенбаева 23 жасында «Күміс алқа» иегері атанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаштық Еркінай Есенбаева 23 жасында «Күміс алқа» иегері атанады

05.10.2020
Сарыағаштық Еркінай Есенбаева 23 жасында «Күміс алқа» иегері атанады

Түркістан облысы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкеліп, бірден алты баланың анасы атанды. Еркінай Есенбаева тұңғышын 18 жасында туған, одан кейін тағы екі баланы дүниеге әкелді. Ал жуырда жас ана №1 облыстық перинаталды орталықта үшем босанды. Нәрестелердің салмағы – 2170, 2100 және 2615 грамм. Олардың есімдері - Ақжан, Маржан және Бақжан.

Дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы жүктіліктің сегізінші айында босандырған. Қазір олар арнайы күтімде, жағдайлары жақсы. Жалпы, Түркістан облыстық №1 перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. 

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, аймақта туу өткен жылмен салыстырғанда артқан. Жыл басынан бері өңірде 45030 сәби дүниеге келген.



Еркінай Есенбаева «Күміс алқа» иегері Түркістан облысы перзентхана денсаулық

Хабарламаларға жазылу