COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу мәселесін саясиландыруға жол бермеу керек - Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу мәселесін саясиландыруға жол бермеу керек - Тоқаев

04.10.2020

COVID-19 індетіне қарсы вакцина әзірлеу мәселесін саясиландыруға жол бермеу керек, деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөйлеген сөзінде. Президенттің бірнеше мәселе көтеріп, ұсыныстар тастағаны, бірқатар мәселеге орай пайымымен бөліскені мәлім. Цитата: 

... Әлемді жаулаған жаһандық пандемияға байланысты биологиялық қаруды бақылау жүйесін әзірлеу және іске қосу мәселесі бұрынғыдан да өзекті болып отыр.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдында есеп беретін арнайы көпжақты орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынады.

Осы сәтте ресейлік оппозиционер А.Навальныйдың «Новичок» деген нерв жүйесін паралич қылатын фосфор-органикалық улы затпен уланғаны еске түседі. Германияның Шарите клиникасында емделген Навальныйдың хәлін канцлер Ангела Меркель өзі барып сұрады. Жалпы, Батыс әлемі бұл оқиғаға қатты алаңдайтынын мәлімдесе, Ресей билігі «Навальныйдың өзі бүлдіріп жүрген дүние» дегенге келтіреді. Оппозиционер «иә, провокациямнан түк шықпады» деп ирониялады.

Президенттің БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінің кейбір тармақтарына Альбина Әшім тоқталады.


COVID-19 Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы

Хабарламаларға жазылу