Туристік компаниялар рейстерді шектеуге қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристік компаниялар рейстерді шектеуге қарсы

02.10.2020

Шетелден келіп кететін қандай рейстер қысқарады?! Бұл мәселені авиация комитеті, әуе компаниялары мен Сыртқы істер министрлігі өкілдері қарастырып жатқандарын айтады. Күні кеше ведомствааралық комиссия қазанның бесінен бастап әуе рейстерінің санын азайту туралы тапсырма берген еді. Бірақ туристік компаниялар мұны құптамай отыр. Себебі, онсызда тұралаған сала шығынға тағы шаш етектен батады. Сондықтан бизнестің белсенділігін тоқтатпай, керісінше қолдау танытқан жөн дейді сала мамандары. 

 Еркін Тікенов, туристік компания директоры:
-Аз уақытта берілген мүмкіндік туризм шығынының жартысында ақтаған жоқ. Ішкі туризмге де тыйым көп болды. Біз бұл салада жұмыс істеп жүрген тәжірибелі кадрлардан айырыламыз. Меніңше санитарлық талаптарды сақтай отырып, рейстердің қалыпты режимде жұмыс істеуіне болады. Ал егер рейстерді шектесе туристік компанияларға мемлекет тарапынан көмек берілуі керек. 

Раушан Сайлауқызы


рейс ұшақ әуе қатынасы

Хабарламаларға жазылу