Дональд Трамп коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

02.10.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания коронавирус жұқтырды. Олардың COVID-19-ға тапсырған тест нәтижелері оң болып шыққан. Бұл туралы Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

Ерлі-зайыптылар жұқпалы инфекция президенттің бас кеңесшісінен анықталған соң тексерілген. Қазір Ақ үй басшысы әйелімен карантин режимінде ем қабылдап жатыр.

Соңғы апталарда Дональд Трамп сайлауалды науқанын жүргізу үшін жаппай шараларға қатысып, мыңдаған адаммен кездесулер өткізді. 

Құрама Штаттарда бүгінде 7 миллионнан астам адам індетке шалдығып, әлемде ковид жұқтырудан бірінші орында тұр.

Жансая Қапасқызы

АҚШ коронавирус Дональд Трамп

Хабарламаларға жазылу