Цифрлық даму министрлігі интернет іздеп биіктіктен құлаған оқушылар туралы мәлімет берді

02.10.2020

Атырау облысында екі оқушы интернет іздеп биіктіктен құлады. Салдарынан қолдарын сындырды деген ақпарат жарияланып жатыр. Бірақ Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мұны жоққа шығарды. Оқыс оқиғаның онлайн оқытуға қатысы жоқ деп отыр. Біреуі трактордан құлап, жарақаттанса, екінші оқушы салынып жатқан үйдің үстінен құлап кеткен.

Дарын Тұяқов,  ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары: 
Ауылдармен байланысқа шығып сұрадық. Жантерек ауылында 41 бала оқиды. Шағын жинақталған мектеп. Ол мектепте оқу қалыпты режимде өтеді.

Асима Нұрбайқызы

Цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қашықтан оқу Онлайн оқу интернет

Хабарламаларға жазылу