Депутат ауыл мектептерін дәстүрлі білім беру тәртібіне көшіруді сұрады

01.10.2020

Ауылдарда дәстүрлі білім беру стиліне қайта оралу қажет. Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы осылай деді. Оның сөзінше,онлайн оқыту білім сапасына әсер етіп жатыр. Әсіресе интернеті нашар жерлерде сабаққа қатысу қиындаған. 7 мыңнан аса мектептің 80 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан. Дегенмен, дәстүрлі оқытуға көшкен күннің өзінде санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағалануы керек деді сенатор. 

Оңғар Алпысбайұлы

Алтынбек Нұхұлы ҚР ПАРЛАМЕНТІ Депутат білім мектеп оқыту

Хабарламаларға жазылу