Депутаттар: Несие 7-8 процентпен берілу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар: Несие 7-8 процентпен берілу керек

30.09.2020

Несиелер 7-8 процентпен берілуі керек. Мәжіліс депутаттарының пікірі осы. «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Үкімет пен Ұлттық банкке аталған мәселені көтеріп сауал жолдады. Соңғы кездері қоғам арасында кредитті жаппай кешіру тақырыбы жиі көтеріліп жүр. Алайда бұл проблеманы түбегейлі шешпейді керісінше қаржы жүйесіне нұқсан келеді деп есептейді депутат. Сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл құжат банк алдындағы борышын өтей алмаған адамдардың құқығын қорғайды. Алайда қаржы министрлігі мұны құптамай отырған көрінеді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Пандемия жұмыссыздық деңгейінің өсуіне, шағын және орта бизнестің күйреуіне ықпал еткені белгілі. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйенсек, биыл кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан қазақстандықтар саны 1,5 есеге көбейіп, 2,3 миллионнан асты. Яғни, еліміздің әрбір сегізінші азаматы кедейлік зардабын тартып жатыр. Бұл - мұнай өндіруші мемлекет үшін ұят сандар. Сондықтан халықтың несиелік рақымшылыққа қатысты талаптарын түсінуге болады.

Елімізде табыссыз қалғандар қатары артқан. Ресми дерекке сәйкес жұмыссыздардың саны 2,6 процентке көбейіп 454 мыңға жеткен. Пандемияның екінші толқыны болса 2 млн 200 мыңнан аса адам әлеуметтік қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Сол себепті депутаттар «жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын келер жылы да жалғастыруды ұсынды. Президент тапсырмасынан кейін бұл жобаға 1 трлн теңге бөлінген. Соның арқасында 180 мыңдай адам жұмыспен қамтылды. 700-ге жуық әлеуметтік нысан бой көтерді.

Шерхан Жамбылұлы


Депутат несие экономика

Хабарламаларға жазылу