COVID-19: Мәскеу оқушылары каникулға ерте шығатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Мәскеу оқушылары каникулға ерте шығатын болды

29.09.2020

Мәскеуде коронавирусқа байланысты оқушылар екі апталық демалысқа ерте жіберіледі. Бұл уақыт аралығында қашықтан оқу болмайды. Қосымша білім беру мекемелерінің жұмысы да екі аптаға тоқтатылады. Ресей билігі карантин шараларын енгізу мәселесін талқылап жатыр. Өйткені кешеден бері елде бір күнде 8500 адамнан инфекция анықталған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 млн 200 мыңға жуықтады. Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында Еуразиялық экономикалық комиссия кешенді жоспарды бекітті.

Виктор Назаренко, Еуразиялық экономикалық комиссия министрі: 
- Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары келісімге қол қойды. Оған сәйкес осы қиын кезде дәрі-дәрмек тасымалдаудағы кедергілер болмайды. Оларға кеден салығы салынбайды. Медицина құралдарымен толық қамтамасыз етіп, тест жүйелерін дер кезінде жеткізуге одаққа мүше елдердің барлығына бірдей жағдай жасалады. 

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу