Кинотеатрлардың қашан ашылатыны келесі аптада белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кинотеатрлардың қашан ашылатыны келесі аптада белгілі болады

29.09.2020
Кинотеатрлардың қашан ашылатыны келесі аптада белгілі болады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиева брифингте кинотеатрлардың қашан ашылуы мүмкін екенін айтты.

«Бізде карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдепжатыр. Шектеулерді жеңілдетудің келесі кезеңі Ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беру мәселесі осы отырыста шешіледі. Комиссия отырысы келесі аптада өтуі мүмкін», - деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін отандық БАҚ-та пандемия салдарынан кинотеатрлардың шығынға батып, банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрғаны хабарланған еді.


Айгүл Абуталапқызы, Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу