Испанияда коронавирус жұқтырғандар 700 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда коронавирус жұқтырғандар 700 мыңнан асты

25.09.2020

Корольдік үкіметі елдегі эпидемиялық жағдай алдағы уақытта тіпті қиындауы мүмкін деп ескертіп отыр. Науқастардың көбі мемлекет астанасы Мадридте тіркелген. Испанияда алғашқы карантин маусым айының соңында аяқталды. Ал одан кейінгі мерзімде тағы 200 мыңдай адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Мұндай пациенттердің жалпы саны 704 210 адамға жетті. Сондықтан Мадрид пен өзге қалаларда әлеуметтік шектеу шараларын қайта енгізуге тура келіп отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу