ӘМСҚ коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 159 млрд теңге бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘМСҚ коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 159 млрд теңге бөлді

24.09.2020

Жыл соңына дейін медициналық сақтандыру қоры есебінен 2 миллион ПТР-тест жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Тұрғанұлы айтты. Бұл көмекті жоспарлы госпитализацияға немесе ауруханаға дейінгі тексеруге жіберілген науқастар ала алады. Қазір коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Ол үшін қордан 159 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға инфекциялық стационарлардағы төсек-орындар мен жедел мобильді бригадалар саны көбейтілген. 

Сондай-ақ медициналық қызметкерлерге 73 миллиард теңге үстемақы төленген. Ал қазір пандемия кезінде табысын жоғалтқандардың сақтандыру мәртебесі қайта қалпына келтірілуде.

Амангелді Сейітхан



Хабарламаларға жазылу