Шымкенттеті ірі университет жабылып, 20 мың студент басқа ЖОО-ға ауысуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттеті ірі университет жабылып, 20 мың студент басқа ЖОО-ға ауысуға мәжбүр

24.09.2020

Шымкентте 3 бірдей жекеменшік оқу орнының біріктіріп отырған Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің жұмысы тоқтады. Салдарынан 20 мыңдай студент енді оқуларын өзге жерде жалғастыруға мәжбүр. Білім және ғылым министрлігі жүргізіген тексеріс барасында білім ордасының жұмысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Оның негізгісі - оқу ғимараттарының талапқа сай болмауы. Оқытушыларда ғылыми ізденіс аз, еңбектерінің баспа бетінде жарияланбауы. Сондай-ақ ісқағаздарда шикілік бар. Осыған сәйкес университетке берілген линцензия биылғы жылдың 31 шілдесінен бастап күшін жойды.

Жәмилә Әйтімбетова, ата-ана:

- Баламыздың құжаттарын қолға алдық. Басқа университетке тапсырайын десек, олардың да болашағы бұлыңғыр болып тұр. Олар да жабылып, лицензиясын алып қоя ма деген қаупіміз бар. Қазір оқу жылының біраз күні өтіп кетті. Келешекте анда-мында жүгіріп жүргенімізде уақыт жоғалтып аламыз ба, баламыз студент қатарынан шығып қала ма деген қауіп жоғары. 

Ал министрлік жанынан құрылған комиссия тексеруді ары қарай жалғастыруда. Соған қарағанда Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы аты бар да заты жоқ академиялар мен университеттердің қатары тағы бірнешеуге қысқаратын түрі бар.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу