Прокурор Жомарт Ертаевқа 11 жыл жаза сұрап отыр

24.09.2020
Прокурор Жомарт Ертаевқа 11 жыл жаза сұрап отыр

Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Бұл туралы Алматының Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекеттік айыптау күдіктінің кінәсін жеңілдету фактілерін ескерді: Ертаев кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеуге көмектесті, шығынды ішінара өтеді, сондай-ақ ол - кәмелет жасына толмаған балалардың әкесі. Прокурор аса ауыр жаза мен онша ауыр емес жазаны біріктіру арқылы 11 жылға соттауды сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу