Данэлия Төлешова «America’s Got Talent» шоуының финалында өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данэлия Төлешова «America’s Got Talent» шоуының финалында өнер көрсетті

23.09.2020

Данэлия Төлешова Американың таланттар шоуының финалында өнер көрсетті. Жас өнерпаз австралиялық әнші Сианың «Аlive» әнін орындады. Оның PR-директоры Татьяна Синенконың айтуынша, танымал шоудың финалында 10 әртіс қатысқан. Айта кетейік, әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Ал, финалистерге дауыс бір тәулік ішінде өтеді, нәтижелері ертең жарияланады.

Мадина Жолдас

Хабарламаларға жазылу