Абай Құнанбайұлының шығармалары қырғыз тіліндегі академиялық жинағы жарыққа шықты.
Елордада «Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін» атты жиын өтті. Бұл шарада оқырмандарға ұсынылған тағы бір туынды - «Манас» эпосының қазақ тіліндегі нұсқасы. Оны араға 60 жыл салып жыршы Баянғали Әлімжанов қазақша сөйлетті. Оның пайымдауынша, 1961 жылы Мұхтар Әуезов бастап шығарған жыр балалар үшін қолайлы емес, қарапайым оқырман түсіне бермейді
Мадина Жолдас