Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 қыркүйектегі жағдай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 қыркүйектегі жағдай

23.09.2020

Өткен тәулікте ел бойынша 76 адам коронавирус жұқтырып, індетке шалдыққандардың саны 107450-ге жуықтады. Ал вирусты пневмония бойынша статистика күрт өсіп, 364 адамның науқастанғаны белгілі болды. Ауырғандардың жалпы саны 31 532-ге жетті.

Ресми дерекке сәйкес, rоронавирустан жазылып шыққандардың саны 102 мыңнан асты. Пневмониядан 27 мыңға жуық науқас толық емделді. Коронавирустан - 1699, ал вирусты пневмониядан 345 адам көз жұмды. Кеше 1 тамыздан бері алғаш рет пневмониядан өлім-жітім тіркелмеді. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу