Сыбайлас жемқорлық туралы заң Президентке жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлық туралы заң Президентке жіберілді

23.09.2020
Сыбайлас жемқорлық туралы заң Президентке жіберілді

Мәжіліс депутаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті. Бүгін заң жобасы Парламентте қабылданып, Президентке қол қоюға жіберілді.

«Сенат енгізген өзгерістер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын өзгертпейді, мазмұнын нашарлатпайды. Бас комитеттің отырысында бұл өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған орай Халқаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ҚР Парламенті Сенаты енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», - деді депутат Жанат Жарасов.

Сенат аталмыш заңға мынадай түзетулер енгізді:

- Мемлекеттік қызметкерлерге және оның отбасы мүшелеріне сыйлық сыйлауға тыйым салынады;

- Дербес құрылымдық бөлімше басшыcы лауазымынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды, квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын адамдарды сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызылды;

- Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (Қылмыс жасауға арандату) өзгерістер енгізілді;

Хабарламаларға жазылу