ҰҚК ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасарын қамауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасарын қамауға алды

06.06.2016
ҰҚК ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасарын қамауға алды

Өткен демалыстарда Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Т.Төлешевтің бірқатар сыбайлас жақтастарын тұтқындады. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен брифингте ҚР Ұлттық қуіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев мәлім етті.

«Өткен демалыстарда Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерімен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешевтің бірқатар сыбайлас жақтастары тұтқындалды. Олардың қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық Кеңесінің бұрынғы мүшесі, екінші сыныпты Әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары,  полиция полковнигі Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлімдерінің командирлері, полковниктер Бекзат Жұмин және Қайрат Пернебаев бар. Аталған адамдар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына отырғызылды», - деді ол.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қамауға алынған ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешев билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізген.

Хабарламаларға жазылу