Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

22.09.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімін қабылдады. Жеңіс Қасымбек Президентке аймақтағы ахуал мен қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісі мен егін орағы туралы баяндады. Әрі облыстағы коронавирус індетінің алдын алу мен дәрігерлерді даярлау жұмыстары жайлы есеп берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырып, өңірге инвестиция тартуға қатысты тапсырмалар берді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу