Шымкент денсаулық сақтау басқармасы жасанды тыныс алу аппаратын тым қымбат бағаға салып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент денсаулық сақтау басқармасы жасанды тыныс алу аппаратын тым қымбат бағаға салып алған

21.09.2020

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы тапсырыспен алдыртқан жасанды тыныс алу аппаратының бағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мамандарының таңданысын туғызды. Өйткені олар қондырғыларды өте қымбатқа сатып алған. Мемлекеттік тапсырыс аясында ауруханаларға 12 жасанды тыныс алу аппараты әкелінген. Оның біреуінің бағасы 21 миллион теңге. «Авента-М» маркалы емдеу құралы Ресейде құрастырылған. Көпшіліктің таңданысын туғызған жәйт таяуда ғана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына демеушілер тап осы аппаратты 18 миллион теңгеге сатып алып берген болатын. Осындай күдікпен тексеріске кіріскен коррупцияға қарсы күрес мамандары қазынаның 40 миллион теңгесінің мақсатсыз жұмсалғаны анықтады. 

Талғар Серікбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:  

- Бұл жерде бір көзден сатып алынған. Бүгінгі таңда бұл факт бойынша Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тиісті процесуалдық шаралар қолданылатын болады. 

Бұл тірліктегі тағы бір түсінсіз жәйт, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі осы маркадағы жасанды тыныс алу аппаратын қолдануға тиым салған. Сондай-ақ өндіріуші саналатын Ресейдің өзінде де бұл қондырғы ем шара үшін пайдаланылмайтын болып шықты. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу