Данэлия Төлешова «America's Got Talent» шоуының финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данэлия Төлешова «America's Got Talent» шоуының финалына өтті

17.09.2020

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан «America' s Got Talent» өнер додасының ақтық сынына жолдама алды. Америкалықтарды аузына қаратқан қаршадай қыз байқаудың жартылай сынында британиялық танымал әнші Джесси Джидің әнін орындаған. Финалға таласта онымен бірге төрешілердің арнайы қолдауына ие болған екі бірдей қатысушы түскен. Алайда көрермендер дауысымен Данэлия ақтық бәсекеге жолдама алды. Телешоудың финалы 22 қыркүйек күні тікелей эфирде өтеді.

Шерхан Жамбылұлы 


Хабарламаларға жазылу