Елдегі онлайн білім беру платформалары біріге бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі онлайн білім беру платформалары біріге бастады

16.09.2020

Елдегі білім беру платформалары біріге бастады. Қазір «Kundelik.kz» және «Daryn.online» платформалары интеграция жасап жатыр. Бұл туралы «Daryn.online» платформасының өкілі Ержан Оңалбаев айтты. Оның сөзінше, бүгінде кез келген қолданушы үшін қиыны – платформаның көптігі. Бір мектепте 4-5 платформа бар. Яғни, мұғалімдер мен оқушылар әр платформаның логинін, құпия сөзін жаттауы керек. Ол өте қолайсыз. Осыған байланысты қазан айынан бастап екі платформа бірігіп жұмыс істемек.

Амангелді Сейітхан 

Хабарламаларға жазылу