Емдейміз деп 700-ге тарта азаматты алдап соққандар сотталды

16.09.2020

Шымкентте қаласында алаяқтық жолмен 700-ге тарта адамның ақшасын қалтаға басқан медициналық клиниканың қызметкерлері қамауға алынды. Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен жекеменшік емхананың құрылтайшысы Александр Гончаров 10 жылға, басшылық лауазымда болған қалған үш азамат 6,5 және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. «Евромед центр», «Неоклиник» және «Хардклиник» деп аталатын жекеменшік клиникалар медициналық және косметологиялық қызметтер көрсетеміз деп науқастардың 125 миллион теңге ақшасын қалтаға басып, былтыр мамырда ізім-қайым жоғалған. Емдеу орнының құрылтайшылары Алматы қаласында бой тасалып жүрген жерінде қолға түсті. Олар Ресей мен Қырғыз елінің азаматтары болып шықты. Алаяқтардың арбауына іліккен әр науқас емханаға 240 мың мен 1 миллион теңгенің аралығында ақша төлеген. 

Ғани Қалмаханов



Хабарламаларға жазылу