Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады

16.09.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады. Юрий Ильин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайта құрылған министрліктің құрылымы мен бұған дейін Ішкі істер министрлігінің құрамында болған әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндады. Әрі ведомствоны қайта құру туралы шешім шығарғаны үшін қызметкерлердің атынан алғысын білдіріп, 8 айда атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесу соңында Президент жылыту маусымы мен қысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, көктемгі тасқынның алдын алуға қатысты тапсырма берді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу