Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның артықшылықтары қандай?

15.09.2020

Отандық вакцинаның үш артықшылығы бар. Бастысы – коронавируспен ауырған өз жерлесіміздің тірі штамм негізінде өндірілгені. Яғни, ондағы вирус инактивацияланып, кейін зертханада өсірілді. Ал екпенің екінші ерекшелігі – адъювантқа салынған. Бұл дегеніміз - сырты алюминий тұзбен қапталған. Сондай-ақ тасымал тұрғысынан да қиындық жоқ. Мысалы ресейлік вакцинаны сақтау және жеткізу үшін температура минус 30-дан кем болмауы тиіс. Ал біздің вакцина қарапайым тоңазытқышта сақталады әрі 3-4 градус жеткілікті.  

Жанна Құрманғалиева, ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің төрайымы:

- Жалғыз жаңалығы - өлі вирус, сырты адъювант. Оған аллергиялық реакция жоғы. Өйткені біздің денеміз үйренген жылдар бойы адювантқа.

Ұлттық сараптау орталығы отандық вакцинаның қорытындысын алды. Енді клиникалық зерттеуден өткізіледі. 1-10 қыркүйек аралығында 688 адам өз еркімен екпе салдыруға келісті. Алғашқы кезеңде 44, екінші фазада 2 мың, ал соңында 3 мың ерікті вакцина алады. Егер олардың денсаулығына кері әсер етсе, сақтандыру аясында ем қабылдайды. Еріктілер үшін екпе тегін. Бірақ вакцинаны өндірген 7 ғалым мен 22 институт қызметкері алдымен өздеріне сынады. 42 күннен соң инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасқаны белгілі болды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу