Астанада Президенттің қатысуымен «KADEX-2016» көрмесінің ашылу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Президенттің қатысуымен «KADEX-2016» көрмесінің ашылу рәсімі өтті

02.06.2016
Астанада Президенттің қатысуымен «KADEX-2016» көрмесінің ашылу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы ҚР Қарулы күштерінің Авиациялық базасында өтіп жатқан 4-ші халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен əскери мүлік көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Концерттік бағдарламада көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі еліміздің әскери тарихы баяндалды. Қазақ елінің әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарып отырғандығы сахналық қойылым арқылы көрсетілді.

Сонымен қатар көрменің салтанатты ашылу рәсімінде Жайдарбек Күнғожинов басшылық ететін әлемге танымал «NOMAD» каскадерлік тобы күрделі трюктер орындады.

Ал Игорь Цойдың жетекшілік етуімен «Кун-До» сахналық ұрыс мектебінің оқушылары қоян-қолтық ұрысты қолдану арқылы жауынгерлік өнерлерін көрсетті.

Бұған қоса шоу бағдарламаға ҚР ҚМ 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері қатысып, көрермендерге шеберліктерін паш етті.

   

Хабарламаларға жазылу