Әлемдегі ахуалға шолу: Өткен тәулікте 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ахуалға шолу: Өткен тәулікте 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

14.09.2020

Өткен тәулікте әлемде 308 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, рекорд жаңартылды. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеп отыр. Және де соңғы 24 сағатта планета бойынша Covid-тан 5500-ден астам адам қайтыс болған. Жұқтырғандар әсіресе,Үндістанда, АҚШ-та, Бразилияда көп. Кешеден бері Үндістанда 94 мыңнан астам тұрғыннан қауіпті инфекция табылды. Ал, жер-жаһанда мұндай науқастардың жалпы саны бүгін 28 миллионнан асып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының мәлімдеуінше, «Қарт құрлықта» күзде Covid-19 құрбандарының саны көбеюі мүмкін.

Ханс Клюге, ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық бюросының директоры:

- Жағдай қиындайды. Қазан-қараша айларында біз бұл вирустан қайтыс болғандар көбейеді деп болжап отырмыз.

Ал, Ливанда орналасқан халықаралық контингент құрамындағы 90 жауынгер коронавирусқа шалдыққан. Олардың көбі - ганалықтар. Науқастанғандардың ішінде қазақстандық бітімгерлер жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу