Бағдат Мусин Президенттік жастар кадр резерві мүшелерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Мусин Президенттік жастар кадр резерві мүшелерімен кездесті

14.09.2020

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кез келген жаңа жобаны қарастырып, қолдауға әзір. Министр Бағдат Мусин Перзиденттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу барысында осылай деді. Әсіресе Жолдауда көрсетілген әр тапсырма толық орындалса экономика мен әлеуметтік жағдайды өсіріп, мемлекеттік басқару мен қызмет көрсету тәсілін жуық арада өзгертуге болады деді ол. Министр әр жоба есеп үшін емес, халық тигілігі үшін жүзеге асырылуы да өте маңызды екенін атап өтті.

Бағдат Мусин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі:

- Министрлік тек қана өзімен-өзі жұмыс істемеуі керек. Бізге жаңа бір серпіліс беруге дайынмын десеңіздер, министрлік әрқашан да ашық. Сіздермен бірге Қазақстанымызды жақсартуға және жаңа бір реформаларды жүргізуге сіздерді шақырамын.

Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн петицияны бекіту үшін заңнамаға өзгерістер дайындалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, ең әуелі арнайы платоформаларды әзірлеп, барлық ережені бекітіп алу қажет. Ал бұл жұмыстарға қоғамның белсенді араласуы маңызды. Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген жастар да осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды. Бүгінде 300 маманның жартысынан астамы түрлі қызметке тағайындалған.

Анар Жайылғанова, Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы: 

- Осы жылы 300 болмайды. Ары кетсе, тек 50 адам жинаймыз. Өйткені сол адамдар қазір экономика, қаржы мәселесіне байланысты, әлеуметтік салаға байланысты мамандарды таңдамақшымыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу