Анкарадағы жарылыстан зардап шеккен отандастарымыз туралы ақпарат келген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарадағы жарылыстан зардап шеккен отандастарымыз туралы ақпарат келген жоқ

18.02.2016
Анкарадағы жарылыстан зардап шеккен  отандастарымыз туралы ақпарат келген жоқ
Анкарадағы жарылыстан зардап шеккен  отандастарымыз туралы ақпарат келген жоқ

Анкарада болған жаралыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Нақтырақ айтқанда, Түркияда оқитын, қызмет жасайтын немесе қыдырып барған отандастарымыздың теракт кезінде зардап шеккендіктері туралы ақпарат түспеген. «Қазақпарат» агенттігінің хабарлауына қарағанда бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеген.

Анкарадағы жарылыстан зардап шеккен  отандастарымыз туралы ақпарат келген жоқ
Ал, Түркия астанасы Анкара қаласында сәрсенбі күні кешке жасалған жарылыс салдарынан 28 адам қаза тауып, 61 адам жараланды.

Түркия премьер министрінің орынбасары Нуман Куртулмуштың айтуына қарағанда шабуыл әскерлер мінген көліктерге бағытталыпты. Анкараның Инөни бульвары мен Дикмен даңғылының қиылысқан тұсында әскерлер мінген конвойға шабуыл жасалған. Әзірге шабуылда нақты қандай топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Бірақ, түріктің бірқатар саясаткерлері бұл қастандықтың ұйымдастырушысы ретінде «Күрдістан жұмысшы партяисы» аталатын террористік топты атап отыр
.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу