Отбасы күні қарсаңында онлайн дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасы күні қарсаңында онлайн дөңгелек үстел өтті

11.09.2020

«Берік мемлекет құру үшін отбасы құндылықтарына ерекше мән беру керек». Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің отбасы күні қарсаңында ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелінде қатысушылар, қоғам белсенділері осылай деді. Әсіресе бала тәрбиесіне ерекше мән берген абзал. Өскелең ұрпақтың тәрбиесінде ата-аналардың, мектеп пен қоғамның рөлін дамыту керек екендігі де осы шарада айтылды. Отбасы институтын дамыту бойынша нақты ұсыныстар да жасалды.

Аида Балаева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Президентіміз кешегі Жолдауында жауапты мемлекет, жауапты қоғам, жауапты адам жүйесін орнату туралы айтты. Бұл міндеттің түбінде қоғамдық тәрбие ұғымы жатыр. Ал тәрбиенің бастау бұлағы қайнар көзі - отбасыда. Сондықтан отбасылық құндылықтың жаңа заманға сай үлгісін жасау - біздің бүгінгі басты мақсатымыз.


Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу