Атырауда жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті

26.06.2014
Атырауда жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті
 
Атырауда белгісіз ер адам «102» нөмеріне жасырын қоңырау шалып, облыстық Ішкі істер департаменті мен қалалық Ішкі істер басқармасы ғимараттарына жарылғыш заттар қойылды деген суыт хабар жеткізген. 
 
Осы ақпарат алынысымен, барлық жеке құрам және келушілер дереу сыртқа шығарылды. Арнайы мамандар екі ғимаратты мұқият тексеріп, нәтижесінде жарылғыш құрылғының жоқ екендігі анықталды. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
 
Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Арнайы қызмет бөлімдері мен кинологтар шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп, ешқандай да жарылғыш заттарды тапқан жоқ. Қазіргі кезде, қоңырау шалған азамат анықталуда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 242-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу