Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 қыркүйектегі жағдай

10.09.2020

Елімізде вирусты пневмонияны жұқтырғандар саны азаяр емес. Өткен тәулікте бұл қауіпті дертке 347 адамның шалдыққаны анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сәрсенбі күні пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Ал COVID-19 бойынша кеше Қазақстанда 206 адам тіркелді. Ресми дерекке сәйкес, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 135 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталған. Оның 107 мыңға жуығы жазылып шықса, 1951 адам қайтыс болды. 

Хабарламаларға жазылу