«Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы дайын

09.09.2020

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы биыл әр өңірге ыңғайланып дайындалуда. Қазірдің өзінде 216 бағдарлама дайын. Ол туралы primaries.kz сайтында жарияланды. Өз аймағын дамытуға ат салысқысы келген азаматтар осы сайтқа кіріп, алдағы 5 жылдық жұмыс жоспарымен таныса алады. Тек танысып қоймай, оған өзгерту енгізуге мүмкіндігі бар. Мұндағы мақсат - жергілікті тұрғындар арқылы аумақтағы өзекті мәселелерді шешу. Бұрында партия сайлауға жалпы республикалық бір бағдарламамен қатысатын. Қазір Елбасының тапсырмасымен өңірлік жобалары әзірленіп жатыр. 

Ерлан Сайыров, «Nur Otan» жақтастары лигасының мүшесі:

 - Қазақстанның 216 аймағына дайындаған сайлауалды платформасы бар. Осы платформаны праймериздің айналасында халықпен ақылдасып, сол аймақтың басымды проблемаларын шешудің жолдарын қалыптастыратын жаңа тұрпаттағы жоба пайда болуы мүмкін.



Хабарламаларға жазылу