627 қазақстандық коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны өздеріне салдыруға ниет білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

627 қазақстандық коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны өздеріне салдыруға ниет білдірді

09.09.2020

Коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық сынағына 627 адам қатысуға өтінім берді. Құжаттарды қабылдау ертең аяқталады. Клиникаға дейінгі сынақ барлық параметрлерге сай. Оның уыттылығы, дертті қоздыруы, аллергенділігі, иммуногендігі бойынша ДДСҰ-ның талаптары ескерілген. Отандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы 20 тамызда аяқталып, нәтижесі Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Құзырлы органнан рұқсат алынғаннан кейін сынақ 20 қыркүйек күні басталады. 

Бастапқыда Алматы қаласындағы клиника базасында COVID-19-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге салынады. Жалпы, осы айда 244 ерікті қазақстандық вакцинаны қабылдамақ. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу