Биыл 8 млн тонна бидай экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 8 млн тонна бидай экспортталады

08.09.2020

Биыл Қазақстан 40 мемлекетке бидай экспорттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айдарбек Сапаровтың сөзінше, осы маусымда да дәстүрлі экспорттық нарық сақталады. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан сынды мемлекеттер бар. Бір жылдың ішінде бұл елдерге 8 миллион тонна бидай сатылмақ. Жалпы, бүгінде елімізде дәнді-дақылдарды жинау жұмыстарының 66 пайызы аяқталған. Төтенше жағдай режиміне қарамастан, егіс науқаны сапалы жүргізілді. 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары: 

- Қазіргі кезде республиканың барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу