Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

08.09.2020

Бүгін Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады. Онда тамызда өткен Сенат депутаттарын сайлау қорытындылары баяндалды. Әрі пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Президент Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді. 

Асима Нұрбай


Хабарламаларға жазылу