Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақты нығайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақты нығайтпақ

08.09.2020

Оңтүстік-Шығыс Азия қауымдастығы елдерінің Парламент өкілдері көлік-логистикалық бағыттардың қауіпсіздігін қамту мен қазіргі заманғы сын-қатерлерге ортақ шешім табу мәселесін талқылады. Вьетнам астанасы Ханой қаласында ұйымдастырылған ауқымды форум бейнеконференция режимінде өткен. Оған еліміздің Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де қатысты. 

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген спикер Қазақстан басшылығының аймақ елдерімен ынтымақтастыққа ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясымен өзара іс-әрекетті дамыту – маңызды мақсат. Демек, осы форматтағы экономикалық байланыстарды нығайту континент елдерінің экономикаларының өсуіне және азаматтардың әл-ауқатының артуына серпін береді.

Шерхан Жамбылұлы 


Хабарламаларға жазылу