Ресейде коронавирусқа қарсы екпе 40 мың адамға салынады

07.09.2020

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Оны алғашқылардың бірі болып Ресейдің Қорғаныс министрі мен Мәскеу қаласының әкімі салғызды. Бұл - Қорғаныс министрлігі мен Гамалея атындағы институт бірлесіп шығарған екпенің үшінші кезеңінің сынағы. Барлығы Ресейдің жиырма ауруханасында 40 мың адамға егілмек. Олардың қатарында медицина қызметкерлері,зейнеткерлер мен волонтерлар бар. 

Көрші елдің билігі халықты жаппай вакцинациялау осы жылдың желтоқсан айында не келер жылдың қаңтарында басталатынын мәлімдеді. Ал вакцинаны сатып алуға 20 мемлекет өтініш білдірген, оның ішінде Қазақстан да бар.

Владимир Чирахов, акционерлік холдингтің бас директоры:

- Шамамен жылына 1,5 миллион вакцина шығарамыз. Бұл, әрине, жеткіліксіз. Сондықтан оны көбейтпекпіз. Алғашқы партияны өңірлерге жіберу үшін дайындап қойдық. Ең алдымен вакцина дәрігерлерге салынады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу