Атырауда ауыл шаруашылығы саласында жас мамандар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ауыл шаруашылығы саласында жас мамандар тапшы

07.09.2020

Атырауда жастарды жұмыспен қамту үлесі 2 пайыздан сәл асады. Бұл - республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. Әсіресе, агроөнеркәсіп секторында кадрлар тапшы. Күн тәртібінде тұрған өткір проблеманы Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің өкілдері талқылады. Басқосуда аграрлық мамандықта білім беру сапасының төмендеп бара жатқаны да айтылды. Салаға жауапты мамандар ауыл шаруашылығына кадрларды тартуды оңтайландырудың негізгі тетіктерін баяндап, ұсыныстарын әзірледі.  

Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы: 

-Жұмысқа барайын десе, жалақсы аз. Несие алайын десе, беретіні жоқ. Балалар бітіріп, далада қалып жатқаны - басты проблема.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу