Ақтөбеде киік атқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде киік атқандар ұсталды

07.09.2020

Ақтөбеде киік ату деректері тыйылар емес. Бұл жолы Ырғыз ауданының тұрғынының үйінен 44 дана мүйіз табылған. Облыстық Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдіктіден он екінші калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу