Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

07.09.2020

Екпені алғашқылардың бірі болып елдің Қорғаныс министрі мен Мәскеу қаласының әкімі салғызды. 

Индира Бегайдар, тілші:

- Бұл Қорғаныс министрлігі мен Гамалея атындағы институт шығарған вакцинаның соңғы үшінші сынағы, барлығы40 мың адамға осы вакцина егіледі. Бұл тізімде медицина қызметкерлері, жасы 65-тен асқандар бар, жалпы еріктілер қатысып жатыр. Ресей бойынша 20 ауруханада екпе салдыруға болады.

Екпені тек 18 жастан асқан Ресей азаматтары ғана салғыза алады, оның үстіне оларда медицналық сақтандыру полюстері болуы тиіс. Еріктілерге осыған дейін вакцина сынағына қатысқаны үшін 100 мың рубль берілген. Мамандардың айтуынша, жаппай вакцинация елде осы жылдың желтоқсан немесе келер жылдың қаңтар айында басталады. Өйткені науқас саны азаймай тұр, 1 қыркүйектен бастап мектептердеде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскен.

Хабарламаларға жазылу