Алматыдан Ұзынағашқа пойыз жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан Ұзынағашқа пойыз жүре бастады

04.09.2020

Күніне 4 рет қатынайды. Бұған дейін мегаполистің ұзын-сонар кезегіне тап болатын тұрғындар діттеген жеріне енді еш шаршамай жете алады. Вагондар жолаушылар үшін жайлы әрі ыңғайлы. 

Жазира Оразқызы, тілші: 

- Алматыдан Ұзынағашқа пойыздың қайта қатынай бастауына халық риза. Себебі қалада сағаттап кептелісте тұратын жолаушылар енді осы пойызбен ауылдарына оңай жете алады.

Алматының екінші вокзалынан шығып, соңғы аялдама – Қазыбек би бекетіне жеткенше Боралдай, Ақсеңгір, Шамалған, Жыңғылдыға аялдайды. 10 күннен соң дәл осындай электр пойыз Алматы мен Қапшағай арасында қатынай бастайды.

Екінші бағыт бойынша пойыз Жетісу, Байсерке, Жетіген, Қайрат бекеттерінен өтіп, Қапшағайға тоқтайды. Қос бағытқа да жолушылар шамамаен 2 сағат жол жүреді. 

Мамандар бұл пойыздар қаладағы көлік кептелісін қысқартып, ауаның ластануын болдырмас үшін жасалып жатқандығын айтуда. Қаладағы жұмысына шеттегі елді мекендерден кем дегенде жарты миллионға жуық адам келеді екен. Жолаушыларға бар жағдай қарастырылған. Іші желдеткіш, тіпті, wi-fi желісімен жабдықталған.

Хабарламаларға жазылу