Индонезияда шенеуніктер көшеге табыт көтеріп шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда шенеуніктер көшеге табыт көтеріп шықты

04.09.2020

Индонезия астанасы Джакартада бір топ шенеунік табыт көтеріп қаланың қарбалас көшесінен жүріп өтті. Олар осылайша жергілікті тұрғындарға коронавирустан адамдардың өлетінін және қауіпті індеттің тарауын тоқтату қажеттігін ескертуді мақсат тұтыпты. 

«Табытпен ажалды еске салып, халықты қорқытуға, ағартуға болады. Әйтпесе, кейбіреулер COVID-19-дан төнген қатерді түсінбей, маска тағудан бас тартып жүр», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Соңғы мәліметке қарағанда, Индонезияда коронавирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырып, 7750-і қайтыс болған. 

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде жұқпалы дертке шалдыққандар 3,9 миллионға жетті. Таяуда бұл мемлекет 4 миллиондай COVID-19 оқиғасы тіркелген Бразилияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шығады деген болжам бар. Өткен тәуліктің өзінде Үндістанда жаңа вирус 83 мыңнан астам адамнан табылып, 1100-ге жуығы қайтыс болды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу