Атырау облысында қамыс өрті басылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында қамыс өрті басылмай тұр

04.09.2020

Атырау облысында төрт күн бұрын басталған қамыс өрті әлі де басылмай тұр. Шығу себебі анықталмады. Бүгінде қызыл жалын шамамен 172 гектар аумақты шарпып үлгерген. Тілсіз жаудың ошағы қаладан 30 шақырым жердегі Каспий теңізінің шығыс жағалауына қарай ойысты. Қазіргі ақпарат бойынша, жалпы ауданы 1000 гектардай аумақ жанып жатыр. Арнайы штаб құрылып, 60-қа жуық қызметкер жұмылдырылды. 

Рашид Біләлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Желдің қаттылығынан мен сол аудын батпақ болғандықтан, өртті өшіре алмай жатырмыз. Бүгінгі таңда соны тағыда өшіруге бүкіл техника жұмылдырылып, жұмыстанып жатырмыз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу