Бірқатар өңірлерде коронавирус бойынша оң статистика байқалады. Шымкентте 3 тәуліктен бері 1 ғана жағдай тіркелді. Ал Ақтөбе облысында 4 адамнан вирус анықталды. Түркістан өңірінде 4 күнде 12 тұрғын індетке ілікті.
Бірақ соңғы 5 тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Батыс Қазақстанда ауру жұқтырған науқастар тұрақты түрде тіркеліп отыр. Жалпы елде бүгінге дейін 106 мыңнана астам адамнан COVID-19 анықталған. Сол себепті Нұр-Cұлтанда 6 қыркүйек, яғни, жексенбі күні қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтайды. Ал дүйсенбіден бастап автобустар қалыпты жұмысын жалғастырады.
Нысаналы Ығыл