2021 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіледі

04.09.2020

Келер жылы Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Өйткені Президент жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Әзірге бұл заң мораторий арқылы ғана тоқтап тұрғаны белгілі. Ал мораторий біткенге дейін қандай өзгерістер енгізу қажет. Сарапшылар мен белсенділер не дейді?

Жер тақырыбы қашаннан-ақ көптің көкейінде жүргені блгілі. Мемлекет басшысы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий келесі жылдың соңында аяқталатынын айтты. Бұл қандай нормалар?

Бағдат Қолдабаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы:

- Екі бап бойынша, 24-баппен, 97-бапта ішкі тармақшаларында мораторий жарияланып тұр және нақтырақ айтқанда жаңағыдай шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаларға жерді уақытша пайдалануға да беруге болмайды.

Қазір шетелдіктер жерді сатып та, жалға да алмайды. 5 жылға жарияланған мораторийдің 1,5 жылы қалды. Осы уақыт ішінде заңға тиісті өзгерістер енгізу керек.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазір мына Үкіметтегі комиссия заңның жобасын қарастырып жатыр. Менің ойымша, ол комиссияға қоғамның белсенділері кіру керек.

Сенатор жерді сатудан бөлек, тиімді пайдалану тетіктерін де жетілдіру керектігін айтты. Өйткені Президент Үкіметке ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға енгізуді тапсырды. Ал оны қалай іске асырамыз?

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біз сияқты мемлекет бар, ол - Канада. Ауа райы тура бізден айнымайды СҚО сияқты. Бірақ Канадада шетелдік инвестицияның мөлшері бізге қарағанда 260 есе жоғары. Неге бұларда жері экономикалық айналымда жүреді. Мәселе тек қана жер меншікте, меншікте емес, оған байланысты емес. Бұлардың шаруашылықтары, ауыл шаруашылық өндірісі тұрақты. Ал инвестиция ол тұрақтылыққа байланысты.

Саладағы тағы бір түйткіл - иелігіндегі жерді игермейтіндер. Немесе мемлекеттен алған жерін өзгеге жалға беретіндер. Сондайлардың әрекеті салдарынан шағын шаруашылықтардың қолы байлаулы.

Ермек Абуов, «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқарма төрағасының орынбасары:

- Жолдауда жақсы айтылды кооперацияны дамыту бойынша. Сол тұрғыдан да біз айтып жатырмыз мына шаруасын алға жылдытам деген, мол өнім алам деген, мад басын көбейтем деген шаруаларға назар аударып, соларға қарай бұру керек. Сонда ғана бос жатқан жерлерді игереміз.

Осы мақсатта 2016 жылғы құрылған комиссия бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруды көтерген. Содан бері 7 миллион гектардай жер қайтарылды. Ал сарапшылар мен белсенділер жерге ғарыштық мониторинг жасауды әлі де жетілдіру қажеттігін айтады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу