«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары УЕФА Ұлттар Лигасының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

03.09.2020

Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түндер басталды. Ел құрамалары Ұлттар лигасы кубогы үшін алғашқы кездесулерді өткізеді. Бүгін түнгі 00:30-да доп додасының үздіктері Германия мен Испания командалары өзара мықтыны анықтайды. Бұл матчты «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тамашалай аласыздар. 

Ал «Qazsport» Ресей мен Сербия ойынын көрсетеді. Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйектің 4-і мен 7-і күндері Литва және Беларусь футболшыларымен ойнайды. Бұл кездесулерді «Qazsport» арнасынан көре аласыздар.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу